Интернет алаяқтардан сақ болыңыз!

Бүгінде алаяқтардан зардап шегіп, алданып қалып жатқан адамдар саны аз емес. Ұрлықтың азайып, алаяқтық жайтының көбейгендігін аңғаруға болады.
Техника дамыған сайын, ғаламтор арқылы өз олжасына оңай қол жеткізетіндер көбейді. Олар қарапайым телефонен-ақ арам істерін іске асыруда. Сондықтан мына кеңестерді естен шығармаңыздар!
Жұмысқа қабылдаймын немесе мемлекеттен берілетін жәрдемақыларды, әлеуметтік көмектерді т.б сізге күмән келтіретіндей жолмен ұсынса, ақпардың нақтылығына және заңды екендігіне көз жеткізіңіз!​
— Онлайн арқылы несие алу деген әлеуметтік желілердегі әр түрлі тауарларды, өнімдерді және қызметтерді сатуға арналған жарнамаларды қарағанда сақ болыңыз!
— Әр түрлі банктердегі шоттарға төлем аударуды талап еткен жағдайда мұқият болыңыз!
— Алдын ала төлем жасамаңыз! Тауарларды расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз!
— Интернетте, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартыңыз!
— Төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз!Басқа қалаға арналған қосалқы бөлшектерді сатып алғанда, достарыңыз бен таныстарыңызға айтып, сатушымен кездесуге және сатып алынған өнімді тексеруді өтініңіз. Әбден көз жеткізіңіз!
— Бейне байланыс жүйесі арқылы сатушының өз төлқұжатын көрсетуін сұраңыз!
— Сонымен қатар, ең бастысы сіз ешкімге банк шотыңыздың толық нөмірін, құпия сөздерін беруге, айтуға міндетті емессіз!
Осы айтылған кеңестерді есте сақтаңыздар! Сонда алаяқтардың өзіңізді арбауына жол бермейтін боласыз!
«Банк қызметкерлері өз клиенттеріне қоңырау шалып, күмәнді операциялар туралы хабарламайды, әсіресе, сіздің жинақтарыңызды қауіпсіз шотқа аударуды ешқашан сұрамайды.
Есіңізде болсын, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыстық істерді қашықтан тергемейді және ешқандай операция жасауды талап етпейді. Мұндай жағдайларда әңгімені тоқтатып, дереу полицияға 102 нөміріне қоңырау шалыңы!

Жамбыл АПБ

Comments (0)
Add Comment