Инфрақұрылым жүйелерін жаңғырту – заман талабы

Абай даңғылындағы жол өтпесі мен темір жол үстінен салынатын жаяу жүргіншілер өткелі бар көпір құрылысы басталғалы бері бұл нысанға бірнеше рет барып, тұрғындармен де кездескен болатынмын.
Қазіргі уақытта Абай даңғылының «за линией» аумағында ескі асфальт жабындысы алынып, көпірдің тірек қабырғаларын салу жұмыстары жүргізілуде.
Алайда бүгінгі тексеріс барысында құрылыс жұмыстарының уақытша тоқтап тұрғанын көрдік
Мердігер компания келесі қаржыландыру траншын күтіп отырғанын мәлімдеді. Жергілікті атқарушы орган бұл мәселе жақын күндері шешілетінін хабарлады.
Жұмыс сапарым аясында аталған нысанға қайта барып, құрылыс барысын жеке бақылауымда ұстаймын.
Айта кету керек, құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылы басталып, 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған. Жобаны іске асыру мерзімі – 15 ай.
Бүгінгі таңда мердігер компания Малобесағаш және Сыздықов көшелерінде асфальт төсеу жұмыстарын аяқтады. Сондай-ақ Жібек жолы – Малобесағаш және Демьян Бедный көшесі (№18 мектеп маңы) қиылыстарында бағдаршамдар орнатылды.
Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ,
Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Comments (0)
Add Comment