Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетті: 1 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы қызметіне Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадыков ресми түрде кірісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Осылайша 2023 жылдың қаңтарынан бері ұйымды басқарған Иманғали Тасмағамбетовті міндетінен босатылды. Айта кетейік, оған дейін ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметін Беларусь өкілі Станислав Зась атқарған.
Ұйымның ресми сайтында жарияланған Жаңа жылдық құттықтауда Таалатбек Масадыков ҰҚШҰ-ның жаңа Бас хатшысы ретінде таныстырылып, осы арқылы Иманғали Тасмағамбетовтің өкілеттігі ресми түрде аяқталғаны хабарланды.