Бүгін Игілік ауылдық округінде аудан әкімі Сәкен Мамытовтың ауыл тұрғындарымен есептік кездесуі өтті. Кездесуге ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудандық билер кеңесінің төрағасы, мекеме, бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімі мен тұрғындар қатысты.
Аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы сұрақтарға Заң аясында жауап беріп, алдағы уақытта шешілу жолдарын қарастыратынын жеткізді.