Ер Баукеңнің ескерткішіне байланысты дау қайдан туындады?

Былтырғы жылы даңқты жауынгер, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы кең көлемде атап өтілгені белгілі. Ал дәл осы жылы батырдың туған жері – Жуалы ауданын кесіп өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойынан еңселі ескерткіші бой көтеретіні жөнінде әңгіме тарады. Алайда уақыттың тығыздығына байланысты бұл іс кейінге қалдырылып, биылғы жылдың 9 мамырында алып мүсіннің ашылу рәсімі өтеді деп белгіленеді. Бірақ бұл кезде де салтанатты рәсімнің сәті түспейді. Олай дейтініміз, бірер ай бұрын кәсіпкер-меценат Мұратбек Әзімов жетекшілік ететін «Көне Тараз» қоғамдық қоры конкурс жариялағанымен, оның отырысы мамыр айының соңына қарай өтеді. Осылайша ұзақ талдау мен талқылаудан соң жасырын дауыс арқылы үш мүсінші жеңімпаз деп танылады. Ал енді көпшілік қауым жобасы басым дауыс жинап, бірінші орынды иемденген Қырғыз елінің атақты мүсіншісі Тамила Абдинабиқызының еңбегі лайықты бағаланбай қала ма деген күдігі барын жасырмады.

«Өнерде шекара болмайды»

Мәселен, бірер күн бұрын мәдениет саласының майталманы Асқар Сейілхан әлеуметтік желідегі жеке парақшасында «Таңғажайып Тамила» атты жазбасын жариялады. Онда белгілі әртіс кейінгі жылдары қырғыз қыздың есім-сойы жарты әлемді шарлап мүсін өнерінен хабары бар «менмін» деп кеуде соққан талайды мойындатқанын тілге тиек етеді. Сондай-ақ ол саусақпен санарлық әйел мүсіншілер арасындағы талантты қыз қызғаныштың құрбаны болмаса игі деген тілегін білдірген. – Тамиланың құдіретті қолынан шыққан үнсіз сөйлеп тұрған тас мүсіндер әлемнің оншақты қалаларының сәні мен салтанатын келтіріп, көркіне көрік қосып тұр. Оның еңбектері Франция, Италия, Португалия мен Аргентина, Иран, Түркия және Ресей сияқты мемлекеттердің астаналары мен қалаларының орталықтарында, музейлерде елдің көз қуанышына айналғалы қашан. Енді сол алпауыт мемлекеттер қатарына біздің Батыр Бауыржан Момышұлы мен қазақ әдебиетінің классигі Шерхан Мұртаза өмірге келген өлке – Жуалы өңірі де тұрады деген үміттеміз. Конкурсқа Астана мен Алматыдан бөлек Қазақстанның әр өңірінен Қостанай, Өскемен, Абай, Түркістан облыстары және Қырғыз елінен де суретшімүсіншілер өз дүниелерін ұсыныпты. Мамыр айының аяқ кезінде жеңімпаздарды анықтау үшін құрылған комиссияның отырысы өтті. Комиссия құрамында зиялы қауым өкілдері, жазушы-журналистер, суретшілер мен қоғам белсенділері және Жуалы ауданының ақсақалдары мен батырдың туған-туыстары болды. Конкурсқа ұзын-ырғасы қырыққа жуық еңбек ұсынылыпты. Кейін конвертті ашқанда 16 нөмірлі Қырғыз елінің суретші-скульпторы Тамила Маматованың ескерткішінің жобасы басым дауыс жинап бірінші орынды иеленді. Ал екінші орын алматылық Ержан Нығметовке бұйырса, Абай облысынан келген Талғат Жұмағұлов үшінші орынды иеленеді. Аталған үш мүсін мемлекеттік комиссияға ұсынылатын болды. Комиссия үш жұмысты таңдап алды дедік. Қалған өтпей қалған жұмыстардың ішінен үш-төрт мүсінші қолайсыз әңгімені қоңырсытып жатыр екен. Сонда олар не айтты дейсіз ғой. Айтқан уәждерінің түрін қараңыз: «Қазақтың батырының ескерткішін неге қазақ салмай, қайдағы қырғыздың қызы салады?», – дейді сабаздар. Өнерде шекара болмайтынын түсінбейді дейтін емес, қызғаныштан ғой. Әйтпесе, қазақ пен қырғыз ежелден еншісі бөлінбеген ел. Әсіресе өнер мен мәдениетте, әдебиетте.

Жамбыл мен Тоқтоғұлдың, Кенен мен Османқұлдың, Шаханов пен Айтматовтың шығармашылық та, адамилық достықтары қазақ-қырғыздың арасын тығыз байланыстырып тұрған жоқ па?! Енді келіп «отбасы – ошақ қасындағы» болмайтын әңгімені көлгірсіту – сыпайылап айтқанда өзін «еркекпін» деп санайтын азаматтарға жараспайтын қылық. Қайта Тамиланың жасаған дүниесіне азаматтық танытып, олқы жері болса жәрдемдесіп жіберсе, міне азаматқа жарасатын абыройлы тірлік болар еді, – дейді Асқарбек Ақылшаұлы.

«Соңғы сәтке дейін комиссия құрамында екенімді білген жоқпын»

Ал ардагер журналист Бекет Момынқұл жеңісті қырғыз қызына бергізбейміз деген сорақы әңгімені естігенде, жағасын ұстағанын жеткізді. Ол өз сөзінде ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің келіскен мүсіншісі болса, конкурс жариялап, комиссия жинап, елжұртты әбігерге салғанын түсінбейтінін айтты.

– Баукеңнің ескерткішіне байланысты әңгіме шыққанда-ақ көпшілік жұрт маған хабарласып, комиссия құрамында баржоқтығымды сұрады. Мен бірден ол комиссияның құрамында емес екендігімді жеткіздім. Бұл рас еді. Шын мәнінде, маған комиссия отырысы болатын күннен бір күн бұрын ғана хабарласып, құрамда екенімді айтты. Соңғы сәтке дейін білген жоқпын. Тіпті Баукеңнің заңды мұрагері – Ержан бауырым мен Зейнеп жеңешем де комиссия құрамында болмады. Содан ертеңіне комиссияның отырысы өтті. Бардым. Жалпы, жабық конкурсқа қатысушы мүсіншілердің аты-жөндері жазылған жоқ, тек нөмірленген ескерткіштің макеттері ғана тұрды. 16 нөмірлі туындының авторы – Тамила Маматова екенін де білмедік. Көпшілік болып, көңілімізден шыққан дүниеге дауыс бердік. Конкурстың нәтижесін арнайы комиссия шығарды.Енді сол комиссияның шешіміне қарсы шығып жатқандар оянды. Дау көтеріп жатқандарды мен шамалы түсініп отырмын. Тамила ешкімге «откат» беретін адам емес. Айтпақшы, атамның отбасы – Баукеңнің мұрагері Ержан мен Зейнеп жеңешем комиссияның шешімін қолдап отыр. Тамиланың талантын жоғары бағалайды олар. Ал комиссияның шешімін бұзамын дегендер табылса, оны да көре жатармыз, – дейді Бекет Әбілдаұлы.

«Шын мықтыны мемлекеттік комиссия анықтайды»

«Көне Тараз» қоғамдық қорының төрағасы Мұратбек Әзімовтің айтуынша, аталған жабық конкурсқа тек көршілес Қырғыз елінің ғана емес, Тәжікстан, Өзбекстан сынды бауырлас мемлекеттердің мүсіншілері мен танымал қазақстандық суретшілер қатысқан. Ал комиссия құрамында белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, архитекторлар мен Бауыржан Момышұлының ұрпақтары және оның көзін көрген азаматтар болған. Бұл тізімде облыстық Суретшілер одағы филиалының төрағасы Болат Хусаинов та бар.

– «Көне Тараз» қоғамдық қорының он бес жылға жуық тарихы бар. Біздің басты міндетіміз – облыстың әлеуметтікэкономикалық дамуына үлес қосу. Жалпы, қорға демеушілер мен іскер кәсіпкерлер қолдау көрсетіп, қаражат береді. Нәтижесінде, жұмысымыз жүйелі жүргізілуде. Бұл жерде бір нәрсені анықтап айтуымыз керек. Ең әуелі кез келген конкурсты өткізер алдында құзырлы министрліктің рұқсаты керек. Онсыз болмайды. Мәселен, біз осы конкурсты өткізу үшін Мәдениет және ақпарат министрлігінің шешімін шамамен алты айдай уақыт күттік. Жалпы, Бауыржан Момышұлы тек қазақ халқы ғана емес, бүкіл Түркі әлемі мойындаған батыр. Ендеше атамызға қатысты жұмыстардың барлығы өте ауыр жүреді. Өйткені ол кісінің рухы бар, мысы бар. Егер осы жұмыстарды аяғына дейін жеткізсеңіздер, атамыздың әруағы риза болатын шығар», – деді. Енді бұл біріншіден, біздің перзенттік борышымыз. Бауыржан Момышұлы бізге жерлес болғанымен, бүкіл қазаққа ортақ тарихи тұлға. Сондықтан да бұл жұмыстарды соңына дейін жеткіземіз деп ойлаймын, – дейді Жалғас Әлижанұлы. «Өз басым Қазақ еліне разымын» Мақаланы жазу барысында біз жабық конкурста жүлдегер атанған үш мүсіншіге  де хабарласуға тырыстық. Десе де, өскемендік Талғат Жұмағұловпен тілдесудің сәті мұндай тұлғаның ескерткішін жасауға барлығының атсалысуы да заңды. Конкурсқа қатысқан үш жүлдегердің екеуі елімізде белгілі мүсіншілер. Айталық, өскемендік Талғат Жұмағұлов пен алматылық Ержан Нығметов кәсіби суретшілер. Ал Қырғыз елінің өнерлі қызы Тамила Маматова да талантты скульптор. Ал соңғы шешімді майталман мамандардан құралған мемлекеттік комиссия шығарады. Шын мықты сол кезде анықталады, – дейді Мұратбек Қоқанұлы.

«Зейнеп апамыздың алдынан өттім»

Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза аталған идеяның бастамашысы өзі екенін атап өтіп, осы жылдың қыркүйек айында ұйымдастырылатын аудан күндеріне орай ескерткіштің ашылу рәсімін өткізу жоспарында бар екенін тілге тиек етті. Ол өз сөзінде күре жолдың бойынан Баукеңе еңселі ескерткіш жөнінде мәселе көтерілгенде батырдың келіні Зейнеп Ахметованың алдынан өтіп, келісімін алғанын да жасырмады.

– Бауыржан Момышұлына ескерткіш қою жөнінде идея менен туындады. Жыл сайын батырдың туған күнінде бұрынғы ескі жолдың бойындағы елеусіз қалған ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етеміз. Жалпы, «Батыс ЕуропаБатыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойынан күнделікті 40 мыңға жуық көлік өтеді. Сонда ары-бері өткен жұрт арканың жанындағы Батырбек датқаның ескерткішін Баукеңнің мүсінімен шатастырады екен. Дәл осы сәтте: «Батырбек датқаның ескерткішін алып тастап, оның орнына батыр Бауыржанның мүсінін қояйық», – деп ақыл айтқандар да табылды. Оны алып тастайтын менің құқығым жоқ. Батырбек датқа да тұлға болған, елге еңбегі сіңген азамат. Міне, осындай түсініспеушіліктер болмас үшін батыр Бауыржанға арналған мүсінді жол бойынан көрікті жерге орнату туралы шешім қабылданды. Оңай болған жоқ. Шын мәнінде, тарихи тұлғаларға ескерткіш ширек ғасыр сайын қойылады. Ал былтырғы жылы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы тойланды. Сол жылдың соңында «Халық қаһарманы» атағы берілді. Осылайша Президент Әкімшілігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігінен рұқсат алдық. Сонымен мұндай істе мол тәжірибесі бар «Көне Тараз» қоғамдық қоры арқылы конкурс жарияланды. Құрамында жиырмаға жуық мүшесі бар комиссия үш жобаны үздік деп тауыпты. Енді біз сол үш жобаны мемлекеттік комиссияға жолдап жатырмыз. Мамандар үшеуінің ішінен біреуін таңдаған соң, құрылыс жұмыстарын бастайтын боламыз. Ескерткіштің ашылу рәсімін қыркүйек айында өтетін аудан күндеріне орайластырсақ деген жоспарымыз да бар. Айта кетерлігі, мен осы ескерткіш жөнінде мәселе көтерілгенде Зейнеп апамыздың алдынан өткенмін. Алматыға үйіне барып, ойымды айтқанымда ол кісі құптады. Бірақ бір жайтты ескерткені де бар. «Бауыржан атамызға қатысты жұмыстардың барлығы өте ауыр жүреді. Өйткені ол кісінің рухы бар, мысы бар. Егер осы жұмыстарды аяғына дейін жеткізсеңіздер, атамыздың әруағы риза болатын шығар», – деді. Енді бұл біріншіден, біздің перзенттік борышымыз. Бауыржан Момышұлы бізге жерлес болғанымен, бүкіл қазаққа ортақ тарихи тұлға. Сондықтан да бұл жұмыстарды соңына дейін жеткіземіз деп ойлаймын, – дейді Жалғас Әлижанұлы.

«Өз басым Қазақ еліне разымын»

Мақаланы жазу барысында біз жабық конкурста жүлдегер атанған үш мүсіншіге  де хабарласуға тырыстық. Десе де, өскемендік Талғат Жұмағұловпен тілдесудің сәті түспеді. Ал Қырғыз елінің мақтанышы Тамила Маматова тартысты өткен додаға қатысуға мүмкіндік берген қазақ халқына шынайы ризашылығын білдірді. «Бала күннен Бауыржан Момышұлының ерен ерліктерін оқып өстік. Екі жыл бұрын Баукеңнің портретін жасадым. Өкінішке қарай, ол туындым сақталмай қалды. Қазір тек суреттері ғана болуы керек. Бұл еңбекте мен оның батырлығын, елі үшін аянбай тер де, қан да төккенін көрсеткім келген. Ол ойым жүзеге асты деп ойлаймын. Осы ретте мені қолдап, менің туындымды таңдаған барша қазақ туғандарға алғысымды білдіремін. Өз басым Қазақ еліне разымын. Енді мемлекеттік комиссияның шешімінен соң, ат үстінде отырған Батырға арналған скульпторларды жасауды қолға аламын деген ниетім бар. Мемлекеттік комиссияның құрамындағы майталман мамандар Таразда өткен конкурстың нәтижесімен келіседі әрі соны қолдайды деп ойлаймын. Жалпы, менің еңбектерім Қазақстанда да танымал. Бұдан бөлек Германия, Италия, Венгрия, Түркия және Украина елдерінде де скульпторларым орнатылған. Бұл салада жиырма жылға жуық тәжірибем бар», – дейді Тамила Абдинабиқызы.

«Мемлекеттік комиссия дұрыс шешім қабылдайды деп сенеміз»

Ұлттық өнер академиясының түлегі – бүгінде алматылық азамат атанған Ержан Нығметов Жамбыл жерінде өткен жабық конкурсқа үш туынды әкелген екен. Ол өз сөзінде конкурстың ұзаққа созылғанын және бұған дейінгі өнер жарыстарында І, ІІ  және ІІІ орын сынды жүлделер болмағанына тоқталды. «Негізінен, осы күнге дейін өткен конкурстарда бас-аяғы үш өнер туындысы таңдалып, мемлекеттік комиссия үшеуінің біреуін үздік деп бағалайтын. Ал бұл конкурста орын бергенін бірінші рет көрдік. Осы сайысқа барынша дайындалып бардық. Жұмысымыз жақсы деп ойлаймыз. Конкурсқа қатыспас бұрын Бауыржан Момышұлы туралы барлық ақпараттарды қамтып, мемуарларын оқып, образын келтіруге тырыстық. Әрине мемлекеттік комиссияның құрамында өз ісінің мамандары отыр. Сол кісілер дұрыс шешім қабылдайды деп сенеміз», – дейді Батыс Қазақстан облысының тумасы.

Есен ӨТЕУЛІ

фото:  Автор

https://aqjolgazet.kz/180564/er-bauke-ni-eskertkishine-baylanysty-dau-aydan-tuyndady?fbclid=IwY2xjawSbw_FleHRuA2FlbQIxMQBzcnRjBmFwcF9pZBAyMjIwMzkxNzg4MjAwODkyAAEeqH3HA4cEQ3FWWHNXbmjI2-0rns-U3WQQ82uVSGgr8sZzYNRpQtMy1YCDAik_aem_d1KmUznJ3J5Lk4kOGe57gg

Comments (0)
Add Comment