Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесіне ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев мекемедегі сотталғандарды қабылдады.
Қабылдау барысында сотталған азаматтардың мекемеде кездесетін бірқатар мәселелері талқыланып, медициналық көмек мәселесі қаралып, құқықтары түсіндіріліп, заңгерлік көмек көрсетілді.
Уәкілдің түзеу мекемесіне келуінің мақсаты – сотталғандардың жағдайларын бақылау және олардың құқықтарының, денсаулық жағдайларының сақталуын қадағалау. Сондай-ақ Уәкіл тузеу мекемесі аумағымен танысып, негізгі үй-жайларды, асхананы, медициналық бөлімді, жұмыс орындарын аралап көрді.