Дені сау жастар – ұлт саулығының кепілі

Қазіргі таңда елімізде, жасөспірімдер мен жастарға медициналық – әлеуметтік көмек көрсету қызметінің тиімді дамуы үшін алғышарттар жасалды. Жасөспірімдер мен жастарға арналған сапалы және игілікті медициналық – әлеуметтік қызметтер жүйесін құру, өскелең ұрпақты қорғауға арналған негізгі стратегиялық құжат ҚР Үкіметінің айқын міндеттері мен приоритеттерін жүзеге асырудағы маңызды қадамы болып табылады..

Жасөспірімдер дәрігерлерге тек қана науқасына байланысты емес, сондай-ақ профилактикалық мақсатта өз еркімен, саналы келіп қаралуын дәлелдеуі тиіс, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің ұсыныстарын дұрыс қолдану және өз еркімен қызметтерді таңдауға болады.

 Қазіргі таңда айналамызда болып жатқан әртүрлі мәселелерге байланысты жыныстық тәрбиенің көптеген отбасында дұрыс берілмеуі, бұл жөнінде ақпараттандырудың аздығы жас жеткіншектердің көзсіз істерге ұрынуына әкеліп соғады. Жастар мен жасөспірімдерге отбасында әке-шешенің тәрбиесі, мектепте ұстаздар тағлым бере отырып осының барлығы ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысты екенін айтуымыз керек.

15-19 жас арасындағы жасөспірімдер арасында жыныстық тәрбиеге байланысты жүргізілген сауалнама нәтижесіне тоқталар болсақ, пайыздық көрсеткіш бойынша тәрбие отбасы жауапкершілігінде:

  • Медицина қызметкерлері – 10 %
  • Отбасы /туыстары – 80 %
  • Мектеп /мұғалімдер /әлеуметтік психологтар – 10 %

Отбасы ішілік жыныстық тәрбие тәжірибесінің жоқтығы, отбасындағы жыныстық мінез-құлық туралы ақпаратты ұрпақтан-ұрпаққа беру дәстүрінің болмауы нан жасөспірімдер мен жастар арасында білімсіздіктен көптеген қателіктер туындауда.

Жамбыл облыстық әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы № 2 Қалалық емханасы жанынын ашылған «Жан-Нұр» жастар денсаулық орталығы 2013 жылдың шілде айынан бері жұмыс жасап келеді.

Негізгі мақсат: Жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын ұстану дағдыларына баулу, психикалық денсаулық және репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша білім деңгейін жоғарылату, гигиена, ерте жыныстық байланыс, жыныс жолымен жұғатын аурулардың алдын алу, ерте жүктіліктің алдын алу. Мақсатты топтарға 10 – 18 жас аралығындағы жасөспірімдер, 19 — 29 жас аралығындағы жастар кіреді.

Жастар денсаулық орталықтары жасөспірімдерге медициналық қызметтерді тегін негізде, жастарға медициналық қызметтер баға көрсеткіштерін уәкілетті органдардың бекітуі бойынша көрсетіледі. Жасөспірімдерге алдын ала жазылу бойынша немесе өздерінің Келуіне консультативтік көмек беріледі, сонымен қатар сенім телефоны бойынша мамандарға тіркеліп, консультативтік көмек беріледі.

Жастар денсаулық орталығында уролог-андролог дәрігері, дерматовенеролог дәрігері, акушер-гинеколог дӘрігері және заңгер, психолог, әлеуметтік қызметкер мамандары кеңес береді.

Емханаға қарасты №20, 25, 30, 35, 36, 38, 40, 51, 55, 59 орта мектептері және Тараз – Ғасыр колледжі, Тараз мамандандырылған колледжі жастары мен жасөспірімдері арасында алдын-алу іс-шараларын бірлесе жүргізу мақсатында меморандум жасалған.

Орталықта жасөспірімдердің ерекшелігін түсіну мен қабылдауға негізделген, оларға шыдамдылық, құрмет көрсету, жеке пікір білдіруін қолдау, құпиялылықты сақтауда қызметкерлер тарапынан барынша көмек көрсетілуде.

 Атап айтар болсақ орталық мамандары жалпы білім беру мектептері және жоғары білім беру мекемелерінің жастар мен жасөспірімдер арасында алдын алу іс-шаралары бойынша тренингтер, дәрістер, дөңгелек үстелдер, ашық есік кұндері ұйымдастырылып өткізілді. Былтырғы жылғы іс-шараларға тоқталар болсақ «Репродуктивті денсаулықты қорғау, ерте жастағы жүктіліктің алдын алу» тақырыбында 34 іс-шара өткізіліп, 716 жасөспірім қамтылды, «Психикалық денсаулық» бойынша 37 іс-шара өткізіліп, 906 жасөспірім қамтылды «Зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыбында 16 іс-шара өткізіліп, 461 жасөспірім мен жастар қамтылды «АИТВ/ЖИТС-ң алдын алу» тақырыбында 31 іс-шара өткізіліп, 691 жасөспірім мен жастар қамтылды . Жастар денсаулық орталығына жалпы мамандар кеңесіне 1437 жасөспірімдер мен жастар қамтылды. Жасөспірімдерді салауатты өмір салтына жетелейтін дағдылармен білімін жетілдіру мақсатында осындай шаралар жалғасын табуда.

Біздің жастар денсаулық орталығына келушілерге айтарымыз: Бізге келіңіздер, біз сен үшін әрқашан ашықпыз, біз тыңдаймыз, көмектесеміз және сырыңызды ашпаймыз, ешкімге айтпаймыз , өмірде әрқашан таңдау жасауға болады.

Біздің мекен жайымыз: Салтанат мөлтек ауданы, 37 ғимарат. Сенім телефоны — 54-20-27.

Г.Қалдыбаева,
«Жан-Нұр» ЖДО психологы

Comments (0)
Add Comment