Дәрілік қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

Бүгін Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек «СК-Фармация» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбековті қабылдап, 2026 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға өтінім беру мәселесін талқылады.
Кездесу барысында тараптар өңірдегі науқастарды қажетті дәрілік заттармен тұрақты қамтамасыз ету, өтінімдерді дұрыс жоспарлау және жеткізу тетіктерін жетілдіру жолдарын қарастырды.
Мәлімет бойынша, 2025 жылға Жамбыл облысы бойынша диспансерлік есептегі науқастарды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында «СК-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторының «ЕФИС» ақпараттық жүйесі арқылы 11,9 млрд теңге сомасына өтінім қабылдаған. Ал, 2026 жылға жоспарланған өтінім көлемі 16,4 млрд теңгені құрап отыр.
Кездесу барысында тараптар дәрілік қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру, өтінімдерді уақытылы қарау және медициналық ұйымдардың қажеттілігін толық қамтамасыз ету мәселелерін жан-жақты талқылап, бірлескен жұмыс аясын кеңейтуге уағдаласты.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы
Comments (0)
Add Comment