БІЗДІҢ ДЕ, БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ ДА БАҚЫТТЫ БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙМЫЗ

Әлемдік геосаясат, жаhандық экономика жаңа өзгерістерге икемделе бастады. Осы кезге дейінгі қағидаттар жаңа сипатқа көшуде. Біздің еліміз үшін де тың мүмкіндіктер мен тәуекелдердің пайда болары шындық. Осы тұрғыда мемлекеттік саясат пен стратегиялық ұстаным қалай болмақ?
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Turkistan газетінде жарияланған сұхбаты — осы маңызды сұрақтарға жауап береді.
 «Те­гіс жолдың өзінде тосқауыл бар» деген шығыс халықтарының сөзін келтіре отырып, Президент күрделі мәселелерге де тоқталады: «Бұл – ең алдымен, инфляция деңгейі­нің жоғары болуы. Соның салдарынан аза­маттарымыздың әл-ауқатын арт­тыру­ға арналған еңбектің бәрі текке ке­тіп жатыр. Биыл Үкімет пен әкімдер мем­лекетіміздің әлеуметтік-экономи­ка­лық тұғырын нығайту үшін көп жұмыс істеуі керек.
 Халықаралық сарапшылар Қазақ­стан­ның «орташа табыстар қақпанына» тү­сіп қалғанын дұрыс байқап отыр. Ашы­ғын айтайын, бұл – экономика тура­лы оқулықтан алынған жалпылама ұғым емес, күн сайын көптеген азама­ты­мыздың басынан өтіп жатқан өмір шындығы. Жұрт табыс тауып жатыр, тіпті, жақсы табыс табатындар да бар. Бірақ, оның бәрін инфляция жеп қояды не­месе ипотека төлеу, балаларды оқыту, ата-анаға көмектесу сияқты күнделікті тір­лікке жұмсалып, жоқ болып кетеді…»
Президент елді Цифрлық державаға айналдыру мәселесіне де арнайы көңіл бөлген:»Жасанды интеллект пайда бо­л­ған­нан бері болашақтың кемесіне мініп үл­геретін елдер мен ескі заманда қалып қоя­тын елдердің арасы алшақтай бас­та­ды. Сондықтан, мен цифрлық техно­ло­гия­лар мен жасанды интеллектіні Қа­зақ­станның даму жолындағы басым ба­ғыт деп жарияладым». Президент айтып өткендей, цифрлық держава болудың негізі — адами капитал. Осыны ескере отырып, біздің Павлодар педагогикалық университеті де елге қажетті сапалы педагог кадрларды даярлауды мақсат тұтады. Мықты маман тәрбиемен де, біліммен де, ғылыммен де толыққанды сусындауы тиіс. Осы бағытта жүйелі жұмыс жасап жатырмыз.
Қазақстан бәріміздің ортақ үйіміз. Оның берекелі, жайлы, тыныш болуы, әлемдік өркениетпен бірге ілесе жүруіне баршамыз да мүдделіміз!
Comments (0)
Add Comment