Бірнеше облыста республикалық автожол жабылды

Ауа-райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста республикалық автожол жабылды.

2025 жылғы 1 қаңтар сағат 13:00-де ауа райының бұзылуына байланысты

Қостанай облысында:

«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 108-232 шақырымы аралығында ( Әулиекөл-Ақмола обл.шекарасы) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды;

Ақмола облысында:

— «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырымы аралығында ( Қостанай обл.шекарасы-Сұрған)

— «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 71-82 шақырымы аралығында (Ақсай-Бұзылық)

— «Жезқазған-Петропавл» автожолынығ 536-553 шақырымы аралығында (Бұзылық-Сұрған) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

2025 жылғы 01 қантар сағат 15:00-те Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» автожолының

— 686-729 шақырым аралығында (Сарыкөл ауылынан СҚО шекарасына дейін)

— 729-768 шақырым аралығында (Қостанай обл.шекарасы-Тоқсан би) учаскелерінде барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

2025 жылғы 01 қантар сағат 15:00-те Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» автожолының 729-768 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолдарды 2025 жылғы 02 қантар сағат 09:00-да жолды ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

фото: istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/254008-birneshe-oblysta-respublikalyk-avtozhol-zhabyldy

Comments (0)
Add Comment