Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша 2025 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын бұзу немесе мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіру деректері орын алмаған.