БАЗАРЛАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Саудагерлер қаласы атанған көне шаһар Тараз қаласында базарларды жаңғыртуға жан-жақты көңіл бөлініп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков мәлімдеді.

– Бүгінде Тараз қаласында 15 сауда базары жұмыс істейді, оның ішінде 14-і әмбебап, 1-і арнайы мамандандырылған. Қала базарларындағы жалпы сауда орындарының саны – 7 493 бірлік, оның ішінде жалға алушылар саны – 4 691 бірлік.

Сауда орындарын жаңғыртуға арналған жол картасы аясында «Нұралы» базарын қайта жаңғырту жұмыстарын толық аяқтады. Қазіргі таңда «Жібек жолы», «Салтанат», «Якка сарай» базарларын жаңғырту жұмыстары жүруде. Жол картасына сәйкес, барлық жаңғырту жұмыстары 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталуға тиіс, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.

Осылайша жаңғырту жұмыстары тек сатып алушыларға ғана емес, сатушыларға да ыңғайлы және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталып отыр екен.

Comments (0)
Add Comment