Видеодан скриншот
“Байқоңыр” ғарыш айлағынан Астана уақыты бойынша 16:59:51-де №31 алаңнан «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы «Прогресс МС-33» жүк тасымалдаушы ғарыш кемесімен бірге ұшырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл 2025 жылғы 27 қарашадағы алдыңғы ұшыру кезінде қираған старт кешеніндегі қызмет көрсету кабинасы қалпына келтірілгеннен кейінгі «Союз-2.1а» зымыранының алғашқы ұшырылымы болды.
«Прогресс МС-33» кемесінің Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуі штаттық схема бойынша екі тәуліктен кейін, 24 наурызға жоспарланған.
«Прогресс МС-33» жүк кемесінің ұшырылымы МКС бағдарламасын қамтамасыз ету аясында жүзеге асырылды. Ресейлік жүк кемесі халықаралық станцияға 2500 кг-нан астам жүк жеткізеді, оның ішінде: МКС орбитасын ұстап тұруға арналған 828 кг отын, 619 кг азық-түлік рационы, су, ауа және ғарышкерлерге арналған сәлемдемелер, «Родник» жүйесі бойынша 420 литр ауыз су, 50 кг оттегі, сондай-ақ станцияны қосымша жабдықтауға арналған 393 кг құрал-жабдық және ғылыми тәжірибелер жүргізуге арналған құрылғылар бар.
Құрылғылардың бірі Күнді электромагниттік сәулеленудің сирек терагерц диапазонында бақылауға арналған ресейлік «Солнце-Терагерц» радиотелескопы болады.