М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған «Бауыржан Момышұлы – шындық жолымен жүрген нағыз батыр» атты патриоттық акция ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – батырдың ерлік жолын насихаттап, жастардың отансүйгіштік сезімін нығайту.
Акция барысында батырдың өмірі мен ерлік мұрасы туралы айтылып, кітапхана қызметкерлері арнайы кітап көрмесін таныстырып, еңбектеріне библиографиялық шолу ұсынды.