Бауыржан Момышұлы – шындық жолымен жүрген нағыз батыр

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған «Бауыржан Момышұлы – шындық жолымен жүрген нағыз батыр» атты патриоттық акция ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – батырдың ерлік жолын насихаттап, жастардың отансүйгіштік сезімін нығайту.

Акция барысында батырдың өмірі мен ерлік мұрасы туралы айтылып, кітапхана қызметкерлері арнайы кітап көрмесін таныстырып, еңбектеріне библиографиялық шолу ұсынды.

Comments (0)
Add Comment