Ішкі істер министрлігі жасанды интеллектпен жасалатын интернет алаяқтықтың жаңа түрін анықтады.
Желіде deepfake арқылы банктердің бірінің басшысының бейнесі қолданылған видео таралып жатыр. Бұл роликте азаматтарға Halyk+ деп аталатын инвестициялық платформаның көмегімен ірі көлемде ақша табуға болады деген жалған ақпарат айтылады.
Ішкі істер министрлігі мұндай платформаның жоқ екенін мәлімдейді. Таралып жатқан ақпарат жалған және азаматтарды адастыруға бағытталған. Бұл ақшалай шығынға әкелуі мүмкін.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды:
- желілердегі күмәнді бейнероликтер мен жарияланымдарға сенбеуге;
- белгісіз сілтемелерге өтпеуге;
- жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеуге;
- ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырады.
- Фото: Pixabay.com
-
Stan.kz ақпарат агенттігі