Балқаш жағалауында көлікпен заң бұзған ер адам 5 тәулікке қамалды

Polisia.kz
Балқаш көлінің жағалауында ұсақ бұзақылық жасаған азамат 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Threads әлеуметтік желісіндегі жарияланымға байланысты полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының Үлкен ауылы маңындағы Балқаш көлінің жағалауында орналасқан демалыс орны аумағына автокөлікпен кіру фактісі бойынша тексеру жүргізді.

Тексеру барысында Алматы қаласының 32 жастағы тұрғыны Арыстанбек Абу автокөлігімен азаматтар, оның ішінде балалар демалып, шомылып жатқан жағалау аумағына барғаны анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен Арыстанбек Абу 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал оның автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтап, көпшілік демалатын орындарда белгіленген тәртіп пен мінез-құлық қағидаларын қатаң сақтауды ескертеді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/286483-balqas-zagalauynda-kolikpen-zan-buzgan-er-adam-5-taulikke-qamaldy

Comments (0)
Add Comment