Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті

Бүгін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде пиротехникалық заттарды дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану, қысқы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу мәселелері талқыланды.
Комиссия отырысында жауапты мемлекеттік органдар мен тиісті сала мамандарының ақпараттары тыңдалып, мерекелік және демалыс күндері балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, тұрмыстық және көшедегі қауіпсіздік талаптарын сақтау, пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде заң талаптарының қатаң орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Білім беру ұйымдарында психологиялық қолдау көрсету, оқушылармен және ата-аналармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу, қауіп-қатер тобындағы балаларды дер кезінде анықтау және олармен жеке жұмыс жүргізудің маңыздылығы айтылды.
Комиссия мүшелері балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық жай-күйін бақылауда ұстау, құқық бұзушылықтар мен қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту жөнінде бірқатар ұсыныстар берді.
Қабылданған шешімдер тиісті мекемелерге жолданып, орындалуы тұрақты бақылауға алынатын болады.
Балалардың амандығы мен қауіпсіздігі – қоғамның ортақ жауапкершілігі.
Comments (0)
Add Comment