«Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы»

Жамбыл облысы Қордай ауданында жас суретшілер арасында «Балалар жемқорлыққа қарсы» атты аудандық сурет байқауы ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Байқау барысында мектеп оқушылары «Адалдық – адамдықтың белгісі», «Болашақ – жемқорлықсыз қоғам», «Әділ қоғам – жарқын болашақ», «Парасатты ұрпақ» және «Мен адалдықты таңдаймын» тақырыптары аясында өздерінің қылқалам туындыларын ұсынды. Балалардың шығармашылық жұмыстары арқылы адал қоғамның маңызы мен әділдіктің құндылығы кеңінен насихатталды.

Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған жұмыс иелері дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен салтанатты түрде марапатталды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар тізімі:

1 орын: Ушурова Дильноз – А.Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебінің 10-сынып оқушысы;

2 орын: Сатархан Алина – Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп оқушысы;

3 орын: Ермек Жанель – №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназия оқушысы.

Шара соңында ұйымдастырушылар тағылымы мол іс-шараға белсенді атсалысқан барлық оқушыларға, мектеп жетекшілері мен ата-аналарға алғыс білдірді. Мамандардың пікірінше, мұндай шығармашылық жобалар жас ұрпақтың құқықтық санасын арттырып, «Адал ұрпақ – әділетті қоғамның негезі!» ұранын қоғамда берік орнықтыруға септігін тигізеді.

Comments (0)
Add Comment