«Бақытқа ұмтылу» фильмі көрсетілді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде сотталған азаматтарға тәрбиелік-психологиялық бағыттағы мәдени іс-шара ұйымдастырылып, «В погоне за счастьем» атты көркем фильм көрсетілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың өмірге деген көзқарасын оң бағытта қалыптастыру, жігерлендіру, адамгершілік құндылықтарды насихаттау және қиындықтарға қарамастан алға ұмтылуға мотивация беру болды.
Фильм барысында басты кейіпкердің өмірлік қиындықтарды жеңіп, табандылық пен еңбекқорлықтың арқасында жетістікке жетуі көрсетілді. Көрсетілімнен кейін сотталғандар арасында қысқаша пікір алмасу ұйымдастырылып, фильмнің тәрбиелік мәні талқыланды.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, мұндай мәдени-тәрбиелік іс-шаралар сотталғандардың рухани дамуына оң әсерін тигізіп, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал етеді.
Алдағы уақытта мекемеде тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Comments (0)
Add Comment