Айта кетейік, орталықта әйелдер консультациясы 15 пен 49 жас аралығындағы әйелдерге, жүкті және босанған аналарға арналған. Консультацияда әйелдерде онкологиялық ауруларды ерте анықтау, анықталған патологиялар кезінде оңалту ұйымдастыру, жүкті әйелдерге антенаталдық көмек көрсету және босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерді қолдау жұмыстары жүргізіледі.
Бұл үшін кабинет қажетті мамандармен және заманауи құрал — жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.