Әлеуметтік желіден
«Әйел жалғыз қалмауы керек»: Мұхамеджан Тазабек Төреғалидің перзентханада болуына қатысты пікір білдірді: 12 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Айтыскер Мұхамеджан Тазабек 7-ші рет әке атанған әнші Төреғали Төреәлі-нің перзентханада жұбайының жанында болуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Желіде оқырман тарапынан қойылған сұраққа жауап берген ол бұл тақырыпты кеңінен тарқатып, бұрынғы қазақ қоғамында босану процесіне көбіне тек әйелдер мен әжелер араласқанын айтты.
Ақынның сөзінше, қазіргі медициналық мекемелердегі жағдай мүлде бөлек, сондықтан ер адамның қатысуы кей жағдайда қажет болуы мүмкін.
«Қазіргі перзентханаларда не болып жатқанын білмейсің. Онда түрлі ыңғайсыз жағдайлар болып, бөтен адамдар кіріп-шығып жатады. Сол себепті әйелге қиындық тудырғанша, күйеуі қасында болып, қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз еткені дұрыс», – деді Мұхамеджан Тазабек.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/279620-aiel-zalgyz-qalmauy-kerek-muxamedzan-tazabek-toregalidin-perzentxanada-boluyna-qatysty-pikir-bildirdi