https://turkystan.kz/article/259111-avtobekette-uiyqtap-zatqan-azamattyn-qaltasynan-2-mln-tenge-urlap-ketken
Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ізін суытпай қалта ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды turkystan.kz.
Белгілі болғандай, күдікті автобекеттің ішіндегі күту залында ұйқыда жатқан ер адамның күртешесінің қалтасынан 2 миллион теңгеге жуық ақшасы бар әмиянды ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен. К
үдіктінің бұл әрекеті бейнекамераға түсіп қалған. Ол оңай келген олжаны жеке басына жұмсап үлгерген.
Полиция қызметкерлері ер адамның бұрын ұрлық қылмысымен сотты болғанын анықтады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.