Ағымдағы жылы аудан бойынша 21 көше мен 206 ауланы жарықтандырылады. Жалпы ұзындығы 17,2 шақырым болатын бұл жобалар толығымен жүзеге асқан жағдайда аулалар 100 пайыз жарықпен қамтылатын болады. Мәселен, 2025 жылы ауданда 50 көше мен 228 аулаға жарық жүргізілді. Сонымен қатар, «Бектөбе», «Қызылшарық» және «Шайқорық» алаптарындағы электр желілерін жаңғырту бағытында да жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Бұл бойынша трансформаторлық қосалқы станциялар жөнделіп, жерасты электр кабельдері ауыстырылуда. Ал 2028-2029 жылдары ұлттық жоба аясында аталған алаптардың электр желілерін толық жаңғырту көзделіп отыр.