Атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

Мойынқұм ауданында еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шаралар шеңберінде арнайы іс-сапар өтті
Бүгін Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен облыстық мәслихат депутаттары Айдынбеков Р.Т., Календеров С.С., Қалымбетов Б.А., Адилов Н.А. келіп, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Іс-сапар барысында делегация аудандық Мансап орталығының жұмысын зерделеп, халықты жұмыспен қамту, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, кәсіптік оқу және әлеуметтік жобалардың орындалу барысы бойынша мәліметтермен танысты.
Сонымен бірге делегация қайтарымсыз грант жеңіп алған азаматтардың жұмысымен танысу мақсатында олардың үйлеріне барып, кәсіптерін өз көздерімен көрді.
Атап айтқанда:
– жиһаз жасайтын цех иесінің үйіне барып, оның қолөнер бағытындағы жұмыс барысын көрді;
– баннер және жарнама өнімдерін дайындаумен айналысатын азаматтың үйіне барып, құрал-жабдықтарымен және қызмет көрсету үдерісімен танысты.
Қолдау алған тұрғындардың өз кәсібін дамытудағы талпынысы мен жұмыс нәтижелеріне арнайы баға беріліп, алдағы уақытта көрсетілетін көмек пен бағыттар талқыланды.
Бұл сапардың негізгі мақсаты – 2024–2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасының аудан деңгейінде орындалу барысын бақылау, тұрғындардың нақты жобалар арқылы жұмыспен қамтылуын көріп, жұмыс сапасын жақсарту болды.
Comments (0)
Add Comment