Полиция ер адамды ұстап алып, оған айыппұл салды.
«Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция департаментінің көліктегі қызметкерлері елорданың таксопарктерінің бірінің жүргізушісін ұстады, ол шетелдікті адлдап, халықаралық әуежайдан қонақ үйге бару бағасын әдейі көтерді», – делінген полиция хабарламасында.
Такси жүргізушісі өз кінәсін мойындап, залалды толық көлемде өтеді.
Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 190-бабы бойынша «тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы бұзу» бойынша әкімшілік хаттама жасалып, 10 АЕК (34 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ жеке таксопарктің атына осындай құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою туралы ұсыныс жіберілді.
https://stan.kz/astanada-taksi-zhurgizushisi-sheteldik-azamatti-auezhay-391683/