istockphoto.com
Астанада шаңғы жарысы өтеді: 19 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Астанада 24 қаңтар күні бұқаралық шаңғы жарысы ұйымдастырылады. Жарыс сағат 10:00-де Орталық саябақтағы шаңғыроллер жолында басталады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Елорда әкімдігінің ақпаратынша, ұйымдастырушылардың мәліметінше, іс-шара аясында спорттың 4 түрі бойынша жарыстар өтеді. Атап айтқанда: қол күресі, гір тасын көтеру, арқан тартыс және белбеу күресі.
«Бұл жарыс дәстүрлі спорттық шараға айналды. Негізгі бәсеке – шаңғы жарысы. Ол 16 жас ерекшелік санаты бойынша қыздар мен ұлдар арасында өткізіледі. Қашықтықтар 500 метрден бастап 1 және 2,5 шақырымға дейін белгіленген. Қатысушыларды тіркеу сағат 10:00-де басталып, жалпы старт 11:00-де беріледі. Барлық жарыстарға қатысу тегін. Барша тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз», – деді қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.
Аталған іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясының ұйымдастыруымен өтеді.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/274757-astanada-sangy-zarysy-otedi