Астанада ер адам полиция қызметкерлерін қорлап, күш қолданған, деп хабарлайды Politico.kz.
Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында алкогольдік мас күйде болған ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларды балағаттаған.
Прокуратураның мәліметінше, ер адам полицейлерді балағаттап, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаған, сондай-ақ қарсылық көрсетіп, полицйелерге күш қолданған.
Салдарынан полиция қызметкерлерін жеңіл жарақат алған.
Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін толық дәлелдейтін жеткілікті айғақтар ұсынды. Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді.
Сот үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Дереккөз: https://politico.kz/article/astanada-policeylerdi-uryp-balagattagan-zhigit-sottalyp-ketti?utm_source=smi24
Фото: ашық дереккөз