Астанада 11 адам лифт ішінде қамалып қалған: 1 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Елордалық құтқарушылар лифтте қамалып қалған 11 адамға, оның ішінде 5 балаға көмектесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
ТЖМ мәліметінше, оқиға түнде Сарайшық ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Лифт 3-қабатттан төмен қарай түсіп екінші қабат пен бірінші қабат аралығында тоқтап қалған.
Құтқарушылар лифт есігін ашып, адамдарға шығуға көмектесті. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.
ТЖМ лифтте тұрып қалсаңыз келесі ережелерді еске салады:
- өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;
- диспетчерге хабарласыңыз;
- барлық түймелерді қатарынан баспаңыз;
- лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;
- барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.