ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен 2025 жылғы күзгі мерзімді әскерге шақыру науқанының қорытындысы және 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанына дайындық барысы туралы жиын өтті.
Жиынға Облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшы орынбасары және бөлім басшысы, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, облыстық полиция департаментінің өкілі, аудан әкімінің салалық орынбасары, бөлім басшылары, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «2025 жылғы күзгі мерзімді әскерге шақыру науқанының қорытындысы және 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанына дайындық барысы туралы» облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азматтық қорғаныс басқармасының әскери міндет және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Жуаныш Асанбаев баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі келесі мәселелер бойынша облыстық қорғаныс істері жөніндегі депаратенті бастығының орынбасары Қуаныш Симтиков және аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Қорытынды сөз сөйлеген облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының орынбасары Ержан Әмірханов көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды жандандыру қажеттілігін айтып, әскерге шақыру жұмыстарды жүйелендірудің маңыздылығын жеткізді.
Comments (0)
Add Comment