Арменияда жер сілкінді

istockphoto.com
Арменияның Сюник облысында магнитудасы 3 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігінің Құтқару қызметі мәлімдеді.

Жер сілкінісі 4 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:54-те Сисиан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 23 шақырым жерде тіркелген.

Мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Эпицентрдегі дүмпу күші 4 баллды құрады.

Жер сілкінісі Сисиан және Дастакерт қалаларында, сондай-ақ Аревис, Танаат, Тасик, Салвард және Торуник ауылдарында 2–3 балл шамасында сезілген.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/285944-armeniiada-zer-silkindi

Comments (0)
Add Comment