Ардақ МАДИМАРОВ: Басты мақсат — интернет алаяқтықтың жолын кесу

Ардақ МАДИМАРОВ: Басты мақсат — интернет алаяқтықтың жолын кесу

Таяуда Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Ардақ Мадимаров аудан аумағындағы білім ошақтарында болып, оқушылармен және мектеп директорларымен кездесіп, интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

6-8 желтоқсан аралығында өтіп жатқан «Абайлаңыз Алаяқ» іс-шарасы аясында интернет алаяқтықтың жолын кесуге арналған жадынама парақшалары таратылып, арнайы бейнероликтер көрсетілді.

Ардақ Тлегенұлының айтуынша, мұндай жұмыстар 17 ауылдық округте жүргізіліп жатыр.

Comments (0)
Add Comment