2026 жылдың 4 шілдесінде Шу ауданында волейболдан Жамбыл облысы ардагерлері арасында облыстық біріншілігінің бесінші туры жалауын желбіретті. Өңірде бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен бұл турнирге барлығы 10 команда қатысты.
Тартысқа толы өткен кезекті ойындарда ардагер спортшылар жоғары дайындықтары мен жеңіске деген жігерлігін дәлелдеді. Әр кездесу тартысты әрі қызықты сәттерге толы болды.
Дүбірлі жарыс аяқталған соң, Шу ауданы әкімдігінің спорт бөлімінің мұрындық болуымен спортшылар құрметіне кең дастархан жайылып, түскі ас ұйымдастырылды. Бейресми жағдайда жалғасқан басқосуда аға буын өкілдері аудан басшылығына және ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.