Аналар күні – әлемнің көптеген елдерінде анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында атап өтілетін маңызды мереке. Бұл күн әр адамның жүрегіндегі ең қымбат жан – анасын ұлықтайтын күн ретінде танылған. Биыл бұл мереке Қазақстанда алғаш рет атап өтіліп отыр.
Осыған орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет подполковнигі Жаныбек Қосжанов ҚАЖ қызметкерлерінің аналарына Алғыс хат табыстады.