«Ән мен би керуені» Үндістанда

Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Ақкербез» би ансамблі Үндістан Республикасының Харьяна штатындағы Сураджкунд қаласында «Ән мен би керуені» концерттік бағдарламасымен өнер көрсетті. Бұл халықаралық шығармашылық сапар қазақ ұлттық өнерін кеңінен насихаттап, Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдени байланысты нығайту тұрғысынан маңызды болды.

Халықаралық байқаулардың лауреаты саналатын ансамбльдің Үндістанға сапары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен, Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Жобаның басты мақсаты – үндістандық көрермендерді қазақ халқының бай мәдени мұрасымен таныстыру және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту.

Бағдарлама аясында жаңа шығармашылық байланыстар орнатылып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар бұл бастама жастар арасындағы мәдени әріптестіктің дамуына серпін берді.

Концертке ҚР мәдениет саласының үздігі, балетмейстер Айжан Қонарбаева, сондай-ақ солистер Динара Маханова мен Динара Диханбаева қатысты.

Аталған мәдени жоба Қазақстанның ұлттық өнерін халықаралық деңгейде танытуға ықпал етіп, елдер арасындағы рухани әрі мәдени байланысты одан әрі нығайтуға жол ашты.

BAQ-Orda

‘БАҚ Орда’ ақпараттық порталы

Comments (0)
Add Comment