Алматыға қалың қар жауып, Астанада -30 градусқа дейін аяз болады

istockphoto.com
Алматыға қалың қар жауып, Астанада -30 градусқа дейін аяз болады: 13 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

Синоптиктер Астана мен Алматы қалаларына 14, 15 және 16 қаңтарға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астанадағы ауа-райы

14 қаңтар — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –28…–30°, күндіз –21…–23°.

15–16 қаңтар — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –26…–28°, күндіз –20…–22°.

Алматыдағы ауа-райы

14 қаңтар — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде 0…–2°, күндіз +3…+5°.

15 қаңтар — ауыспалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –3…–5°, күндіз –1…+1°.

16 қаңтар — ауыспалы бұлтты, кей уақыттарда қар жауады. Түнде және таңертең тұман. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –5…–7°, күндіз –1…–3°.

Comments (0)
Add Comment