видеодан скриншот
https://turkystan.kz/article/272195-almatyda-zedel-zardem-koligi-apatqa-usyrap-feldser-koz-zumdy
Алматыда жедел жәрдем көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасынан жедел жәрдемнің жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған видео кадрларында ЖКО салдары көрсетілген. Кадрлардан жедел жәрдем көлігінің аударылып қалғаны байқалады.
«Алатау ауданында, Сайын көшесінде жедел жәрдем көлігі мен жеңіл автокөлік қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жедел жәрдем көлігі бұрылу маневрін жасап жатқан. Сол сәтте Сайын көшесі жағынан оңтүстік бағытқа жоғары жылдамдықпен келе жатқан Kia автокөлігі соқтығысуға себеп болған», — делінген хабарламада.
Алматы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, апат салдарынан екі көліктің де жүргізушілері мен жолаушылары жарақат алды. 2002 жылы туған жедел жәрдем фельдшері ауруханаға жеткізілгеннен кейін бірнеше сағаттан соң көз жұмды.
Адам өліміне әкелген ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/272195-almatyda-zedel-zardem-koligi-apatqa-usyrap-feldser-koz-zumdy