Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді көлік қағып кетті

Фото: t.me/youralmaty
Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді көлік қағып кетті: 12 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

Алматыда Сүйінбай даңғылында автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті , деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемеде жол-көлік оқиғасы бүгін, 12 қаңтар күні сағат 07:45 шамасында Түрксіб ауданында болғанын айтты.

«Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі Сүйінбай даңғылы бойымен солтүстік бағытта жүріп келе жатып, белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 1978 жылы туған әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді», – деп мәлімдеді полиция.

Жол апатының мән-жайын Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Comments (0)
Add Comment