istockphoto
Алматыда қайғылы жағдай болды: 22 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Алматыда жол апаты болып, үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Полицияның мәліметінше, апат Медеу ауданында сағат 3:30 шамасында болған.
«Zeekr электромобилінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан Мерседес көлігімен соқтығысқан», — дейді полициядағылар.
Mercedes жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278525-almatyda-qaigyly-zagdai-boldy-2