Ақсуда мал жаю ережелерін бұзған 200-ден астам мал иесі жауапқа тартылды

polisia.kz
Ақсу өңірінде мал жаю ережелерін бұзған 200-ден астам мал иесі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері ауыл шаруашылығы жануарларының иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, малды тиісті түрде ұстау және жаю, сондай-ақ олардың автожолға шығып кетуіне жол бермеу қажеттігін ескертуде.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде. Жануарлардың автомобиль жолдарында бақылаусыз жүруі жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіріп, жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін.

Полиция мал иелерін жануарларды қараусыз қалдырмауға, оларды арнайы белгіленген орындарда ұстауға және малдың жолға шығып кетуіне жол бермеу үшін уақытылы шаралар қабылдауға шақырады.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/286488-aqsuda-mal-zaiu-erezelerin-buzgan-200-den-astam-mal-iesi-zauapqa-tartyldy

Comments (0)
Add Comment