Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытовтың қатысуымен жиын өтті. Кездесу барысында аудан басшысы мемлекеттік маңызы бар науқанда ақпараттандырудың барлық тетігі сапалы әрі уақытылы жүру керектігін айтты. Ауданымызда аудандық ақпараттық түсіндіру жұмысшы тобы құрылып, ақпараттандыруды жүйелі түрде іске асыратын болады.