Аида Балаева Дүниежүзілік театр күнімен құттықтады

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда театр өнеріне деген қызығушылықтың артқанын атап өтті. Сондай-ақ көрермен сұранысы да мазмұнды әрі талапшыл сипатқа ие болып келе жатқанына тоқталды.
«Бүгінде қазақстандық театрлар жаңа қойылымдарымен көрерменді қуанта отырып, халықаралық сахналарда ел абыройын асқақтатып келеді. Олар түрлі фестивальдерге қатысып, жоғары бағаларға ие болып, мәдени байланыстарды кеңейтуге өз үлесін қосуда. Осы айтулы күні театр өнерінің барлық өкілдерін Дүниежүзілік театр күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге шалқар шабыт, шығармашылық табыс, өнер жолында жаңа жетістіктер тілеймін!», — делінген құттықтауда.
Айта кетейік, елімізде 70-тен астам театр жұмыс істейді. Жыл басынан бері республикалық театрлар 170 мыңнан астам көрерменге қызмет көрсетті. Ал былтыр көрермендер саны 2,8 млн-нан асты.
Comments (0)
Add Comment