Абай мұрасы – ұлттың рухани қазынасы

10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының күніне орай №67 мекеме қызметкерлері Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына барып, Абайдың өмірі мен шығармашылық жолына арналған кітап көрмесімен танысты.
Шара барысында Абайдың «Қара сөздерінен» үзінділер оқылып, ақынның өнегелі ойлары талқыланды. Сонымен қатар, оның шығармаларының бүгінгі қоғам үшін маңыздылығына тоқталып, ұлы ойшылдың рухани мұрасын жас ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығы атап өтілді.

Абай мұрасы – ұлттың рухани темірқазығы. Ұлы ақынның «толық адам» тұжырымы, ғылым мен білімге деген көзқарасы, адамды адал еңбекке және ізгілікке шақырған өсиеттері бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Абай шығармашылығы арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, рухани-адамгершілік тәрбие беру және ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

Абай Құнанбайұлының мол мұрасы – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын асыл қазына. Оның тағылымды ойлары мен өшпес шығармалары ел руханиятына қызмет ете бермек

Comments (0)
Add Comment