“50 мыңның айналасында…” Депутат азық-түлікке айына қанша жұмсайтынын айтты

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың отбасы азық-түлікке айына 50 мың жұмсайды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ет ауылдан келеді. Ал енді азық-түлікке көп ақша жұмсамаймыз, өйткені біз көп тамақ жейміз деп айта алмаймын. Қарапайым дастарқан, нанымыз бар, шайымыз бар. Енді жақсылап алатын болсақ, 30-40-50 мың теңге айналасында шығар», – деді ол кулуарда журналистерге берген сұқбатында.

Алайда желі қолданушылары депутаттың бұл мәлімдемесін сынға алды.

«Ауамен қоректене ме?», «Мүмкін емес», «Аптасына 30-40 мың кетеді»,—деп жазды олар.

https://adyrna.kz/post/238613?fbclid=IwY2xjawKcCXBleHRuA2FlbQIxMQBicmlkETFwMVJ2Tmh2V1FlWVlYR0tPAR4_WAkZZmB40mJ4HVAdgrAISXComLfUbc4VgH_NQr3SB8lzbZUP38tnWyhP4Q_aem_8cc7cyN5rJ9OYUgCPja_Pw
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі
Comments (0)
Add Comment