50-ден астам жобаға оң қорытынды берілген

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» республикалық кәсіпорыны көрсететін қызметтің екінші түрі – жалпы пайдалымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған құжаттамасына ведомстволық сараптама жүргізу.

Аталған кәсіпорынның өңірлік филиалына жыл басынан бері 62 өтінім түсіп, 51 жобаға қорытынды берілген. Жалпы, ведомстволық сараптама бойынша биылғы жылға жоспарланған қаражаттың бұл күнде 27,4 миллион теңгесі игерілген.

– Бүгінгі күні республикалық желі бойынша 100 пайыз диагностика жұмыстары атқарылуда. Жеке ұйымдармен 5,9 миллион теңгеге келісім-шарт бар. Облыстық маңыздағы 1697 шақырым автомобиль жолдарын диагностикалау және аспаптық тексеру жұмыстарына 271,8 миллион теңгеге екі жылдық келісім-шарт жасалып, бүгінгі күні түсірілім жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биылғы жылға 50 миллион теңгені игеру жоспарланған. Бұдан бөлек сапа сараптамасынан артылған қаржыдан да шамамен 40 миллион теңге диагностикалаумен игеру жоспарда бар, – деді облыстық филиалдың сапа және есеп бөлімінің басшысы Мадияр Айбынұлы.

Comments (0)
Add Comment