Су ресурстары және ирригация министрлігі су нысандары, су шаруашылығы инфрақұрылымы, су пайдаланушылар, жерасты суы және саланың өзге де бағыттары бойынша деректерді біріктіретін Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін (СРҰАЖ) әзірледі. Жүйенің негізгі мақсаты – басқарушылық шешімдер қабылдауға қажетті бірыңғай, сенімді әрі өзекті деректер базасын қалыптастыру.
Бүгінде жүйеде 23 мыңнан астам су нысаны туралы мәлімет цифрландырылып, жүйелендірілді. Оның ішінде 17 748 өзен, 3 148 көл және 1 109 гидротехникалық құрылысжай бар.
Сонымен қатар Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінде 3 мыңға жуық ұйым мен 4 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген. Жүйеге су шаруашылығы және гидротехникалық нысандардың 9 мыңға жуық цифрлық паспорты енгізілді. Сондай-ақ жүйе арқылы суды бастапқы есепке алу бойынша 2,2 мыңнан астам есеп, ал 2-ТП нысаны бойынша 1,3 мыңнан астам есеп қабылданған.