Әмір Сүлейменов: enbek.kz сайтында 45 мың бос орын бар

394

2018 жылы электрондық еңбек биржасы арқылы 380 мың қазақстандық тұрақты жұмыс орнын тапты. Бұл туралы Халықаралық ақпараттық технологиялар мектебінің басшысы Әмір Сүлейменов мәлім етті.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі enbek.kz электрондық еңбек биржасын іске қосты. Онда HeadHunter, Rabota.nur.kz, market.kz, rabota.kz  және басқа да Қазақстандағы ірі электрондық онлайн-биржалары бар. Сондай-ақ, enbek.kz сайтында жұмысқа орналастыратын 50 жеке агенттіктің ақпараттары бар. Соның арқасында enbek.kz Қазақстандағы ірі электрондық еңбек биржасына айналды. Қазіргі таңда сайтта 45 мың бос жұмыс орны ұсынылып отыр және 364 мың жұмыс іздеуші тіркелген», — деді Ә.Сүлейменов.

Оның айтуынша, enbek.kz сайтына электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен тіркелгеннен кейін, қолданушы бос жұмыс орнын оңай жариялай алады немесе керісінше, түйіндемесін тіркей алады. Қызметтерді өңірге, мамандыққа және басқа да қағидалар бойынша іздеуге  болады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар және жастар үшін жұмыс орындары бар. Сайттың арқасында 2018 жылы 380 мың қазақстандық тұрақты жұмыс орындарын тапты.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.