Алып күшке ие алматылық бойжеткен Ресей чемпионатында жеңіске жетті

444

Алматылық гимнаст Дарья Нестерова күштік экстримнен Ресей ашық біріншілігінде жеңіске жетті.

Бірінші турда Дарья 200 келілік затты 20 метрге дейін оп-оңай сүйреп апарған. Екінші кезеңде 100 кг болатын екі бөшкені 15 метр жерге көтеріп апарған. Ал «Фермердің серуені» атты конкурста әр қолына салмағы 70 кг болатын жүкті көтерген бойы 40 метрге жүріп барды. Соңғы турда — 60 кг тасты бір минутта барынша көп мәрте көтеруден жарысты.

Еске сала кетейік, осы жазда Дарья 50 жолаушысы бар 22 тонналық трамвайды сүйреп, рекорд орнатқан болатын.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.