Алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз болады

431

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынады.

«Баренц теңізі аймағындағы суық атмосфералық ағындармен бірге Қазақстанға арктикалық ауа массалары ауысады. Егер соңғы уақытта республикадағы ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болса, алдағы үш тәулікте күн суытып, қалыпты нормадан 3…..8°С төмен болады.

Сондай-ақ, жауын-шашын, қар, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауып, боран соғады. Солтүстік-батыс бағыттан жел есіп, түнгі ауа температурасы 10-15 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде 20° аяз болуы ықтимал», — делінген синоптиктердің болжамында.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.