«Адал Ұрпақ» еріктілер клубтарының облыстық слеті өтті

20

Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталығында «Адал Ұрпақ» еріктілер клубтарының облыстық слеті өтті.

Қоамдық қор Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлесе ұйымдастыруымен өткен іс-шараның мақсаты – Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру, сонымен қатар «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысын қорытындылау болып табылады.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласында құрылған «Адал Ұрпақ» еріктілер клубтарының мүшелері, аудандық және қалалық конкурстардың жеңімпаздары, сондай-ақ, мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталығының белсенділері қатысты.

Облыстық слетте «Адал Ұрпақ» еріктілер клубтарының жалпы атқарылған жұмыстары бейнеролик және фотослайд арқылы таныстырылып, театрлық қойылым және концерттік бағдарлама көрсетілді.

Сонымен қатар, «Адал Ұрпақ» еріктілер клубтарының белсенді мүшелері арнайы дипломдармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.